Төреғалидің аяғы ауыр келіншегі ауруханаға түсіп қалды
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлінің жары қазіргі таңда ауруханада жатқанын хабарлап, қалың көпшілікті алаңдатып қойды. Жұлдызды әулет бесінші перзентіне аяғы ауыр келіні үшін қатты уайымдауда.
Толқын Тұрарбекқызы емханадан бір-ақ шыққаны туралы өзінің Instagram парақшасында айтып берген. Әншінің келіншегі аяғы ауыр болғандықтан биыл да ораза ұстай алмағанын жеткізді. Оның сөзінше, бесінші жүктілігі аса ауыр өтуде.
"Сәлем бердім, баршаңызға. Оразаларыңыз қалай өтіп жатыр? Неше жыл қатарынан ауыз бекіте алмай жүргеніме жүктілігім себеп болатын. Биыл да сол себепті ұстай алмадым. Қазіргі уақытта экология, тағамда жеткілікті мөлшерде дәрумендердің болмауы да жүктілікке қатты әсер етеді екен. Аяғым ауыр болғаннан бастап көптеген анализ тапсырып, біраз дәрілер ішіп жатырмын. Алдыңғы балаларымда тіпті жүкті екенімді ұмытып та кететінмін.
Ал қазір бәрі керісінше. Есейдік пе екен, әр жастың өзіне тән өзгерістері бар ме екен. Дәл қазіргідей кезімді бұрын бағаламадым ба деймін. Ішімде баламның барын сезінген сайын бұл сәттердің бақыт екенін түсінгендеймін. Аллама сансыз шүкір. Дәл қазір жүктілікті сақтау мақсатында емханада жатырмыз. Аллахым аман-есен ай күніме жетуімді нәсіп етсін.
Отбасымның қолдауы, кішкентайларыма дейін алаңдап жатқандарынан көзіме кіршіксіз жас келеді. Соны түсініп жатқан баладан қалай айналмайсың. Дәрігерге дейін сұрап, қайда баруым керек екенін қадағалап жатқан ата-әжесі қамқорлық танытқан сайын, мені осындай отбасымен сүйіншілеген Аллама шексіз шүкірімді айтамын! Алла баршамызға дені сау, игі ұрпақ нәсіп етсін" , - деп жазды Толқын.