Қайрат Нұртастың ән кешінде әр жанкүйерге көзілдірік сыйланады

1 554

Фото: instagram/ kair_nТанымал әнші Қайрат Нұртастың жеке шығармашылық кеші 31 қазан күні Алматы қаласындағы орталық стадионда өтетінін хабарлайды,- Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Полиция департаменті концерт барысында қоғамдық тәртіп пен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Абай даңғылы, Байтұрсынұлы, Мұқанов және Сәтбаев көшелерінде автокөлік қозғалысын ішінара шектейтінін ескертті.

Концерттің ерекше сәттерінің бірі – әрбір көрерменге арнайы көзілдірік үлестірілетіні. Әншінің қызы Алау Нұртас 30 мыңға жуық көзілдіріктің дайын екенін айтып, жанкүйерлерді жеке концертке шақырды:
“Әкемнің концертіне дайындалып жатырмыз. Бәріңізді күтеміз!”-деді.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.