"Көңілдесімен Дубайға барған": Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен ажырасып кеткенін айтты

2 662

Коллаж: SN.kzТанымал әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатов пен продюсер, актриса Мөлдір Мұқанова заңды түрде ажырасып кеткен. Бұл туралы Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі “Janar Baisemiz” YouTube арнасына сілтеме жасап.

Мөлдірдің айтуынша, экс-күйеуінің 14 жыл бұрын көңілдесі болғаны туралы ақпарат оған әлеуметтік желі арқылы жеткен. Сол кезде ол жас ана болып, баласын емізіп жүргенін, ал түнгі сағат 04:00-де бейтаныс адамнан “Күйеуіңіздің жүрісі туралы естідіңіз бе? Қазір оның көңілдесі бар” деген хабарлама алғанын еске алды.

Бастапқыда ол бұл ақпаратқа сенбей, ұзақ жылдар бойы өз-өзін “бәрі өтірік” деп жұбатумен болғанын айтты. Кейін дәлелдер көбейген соң, Тұрсынбек Қабатовтан түсініктеме сұрағанда, әзілкеш “қателік жасағанын” мойындаған.

“Мен Тұрсынбекті жақсы көрдім. Ажырасуға ешқашан дайын болмадым. Бірақ басқа амал қалмады”, – деді продюсер.

Оның сөзінше, Тұрсынбек Қабатов ажырасу туралы әңгімені өзі бастап, “Сонымен не істейміз, ажырасамыз ба?” деген хабарлама жіберген. Мұқанова ақыры ажырасуға арыз жазуға мәжбүр болғанын айтты.

Продюсердің бұл сұхбатынан кейін желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовқа бойкот жариялауға шақырды. Көпшілік “Qazaqstan dauysy” жобасынан әзілкешті алып тастауды және оның қатысуымен өтетін концерттердің афишаларын жоюды талап етті.

Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатов – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Әзіл әлемі” театрының жетекшісі және бірнеше фильмнің басты рөлін сомдаған актер.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.