"Қош келдің, ұлым!": Ерке Есмахан босанды
Жұлдызды жұп Ерке мен Raim бүгін екінші рет ата-ана атанды. Ерке шекесі торсықтай ұл тапты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қос әнші “Бұл махаббат” әні арқылы сәбилі болатынын жариялаған еді.
Оқырмандары жарыса тілек жазып, дүние есігін ашқан сәбиге ұзақ ғұмыр тілеп жатыр.
Ал, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева: “Ал сүйінші! Байбақтының туын көтеретін батыр дүниеге келді!
Ана болды Ерке қыз!
Әке болды Райым!
Бақытты боп екі жас,
Бірге болсын лайым!
Батыр ұлдың артынан,
Салиқалы ұл-қызды
Бере берсін құдайым!”, – деп тілек жолдады.







