Ерден Жақсыбеков Әміре туралы бар ойын айтты

462
Қазақстандық "Маска" шоуының жеңімпазы Ерден Жақсыбеков өзімен жобаға қатысқан өнердегі әріптесі Әміре туралы не ойлайтынын айтты. Бүркіт образында өнер көрсеткен әнші музыкалық додада финалға жетпесе де, халықтың ыстық ықыласына бөленген болатын.

Ерден Жақсыбеков "Маскадан" ұшып кетуіне байланысты өз ренішін жеткізген Әміре туралы пікір білдірді . Оның сөзінше, бүркіт жобадан шығып қалса да, екі есе көп ұпай жинап кетті.


 Музыкалық доданың жеңімпазы халық жүрегінен ерекше орын тапқан әріптесі үшін аса қуанышты екенін айтты. Ол Әмірені финалда көргісі келгенін жеткізді.


 "Ол тікелей айтқан жоқ. Жобаны кім жеңетінін білетінін және сезетінін айтты. "Біліп тұрмын, қуанамын" деді. Ол мені таниды. "Оған бұл керек" деген сияқты айтыпты. Мен де солай айтар едім. Оған да ұшып кету керек болғандай. Жеңгеннен гөрі, ұшып кетіп екі есе ұпай болды. Мен бүркітті финалда көргім келді. Неге оның маскасын ерте шешкендерін білмеймін. Бірақ, мен бүркітті ғана емес, "Маска" жобасына сай ән таңдау жағынан бірнеше масканың бір типтес репертуарларын байқадым. 


Әділқазылар мүмкін сол жағынан қараған шығыр деп ойлаймын. Білмеймін. Бірақ, Әміре халықтың алдына шығып, ертең эфирға шығатынын сезіп, соны ойлап тұрып тактика жасады деп ойлаймын. Ол өте ақылды әрекет жасады. Тек қана қазақша әндер айтты. Бір жағынан ол жобадан кейінгі уақытты ойлап жазған секілді көрініп тұр. Финалда жеңсем, халық мені таниды деген ой болған жоқ. Оның стратегиясы халыққа ойнап кетті. Оның стратегиясы хит әнді жаңарту болды. Қазіргі таңда трендке айналған cover-нұсқа" , - деді Ерден Жақсыбеков "TalkLike" бағдарламасына берген сұхбатында.