Германияда Димаштың жеке ән кеші өтеді

524
Димаш Құдайберген Германиядағы Дюссельдорф қаласында  9 сәуірде жеке ән кешін өткізбек, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

2022 жылғы 8 сәуірде Димаш Құдайберген өзінің «ARNAU» концерттік турын жалғастыру үшін Германияға ұшып барды. Германияға алғашқы жеке концертін өткізуге келген әншіні қарсы алу үшін оның жанкүйерлері әуежайға арнайы келген. Арасында ересектер де, балалар да бар.

Dimashnews.com-ның хабарлауынша, артис келгенге дейін жанкүйерлер әуежайда жиналып, Димаштың сүйікті әндерін талқылаған, бірге уақыт өткізген.

Чили, Аргентина, Германия, Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия, Бразилия, Испания, Нидерланды, Колумбия, Норвегия және басқа елдерден келген жанкүйерлер сүйікті әншісін әуежайда қуана күтіп алды. Олар қазақша «Сәлеметсіз бе?», «Рақмет сізге» деген сөздерді жаттап алған.

Димаш Құдайберген болса, қолдау көрсеткені үшін жанкүйерлеріне алғысын білдірді. Қалыптасқан дәстүр бойынша олармен бірге фотоға түсіп, қолтаңба берді, сыйлықтарын алды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.