Баян Алагузова әйелдерге екі күйеуге тұрмысқа шығуды заңдастыруды ұсынды

1 564

Фото: elle.com.kzТанымал продюсер Баян Мақсатқызы әйелдерге екі күйеуге шығуға заң жүзінде рұқсат беру мәселесін көтерді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Продюсер Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның екі әйел алуды заңдастыру жөніндегі пікіріне жауап ретінде өз көзқарасын білдірген.

«Менің ойымша, бұған жауап ретінде екі күйеуге шығуға заңмен рұқсат ету керек. Неге болмайды? Ер адамдарға көп әйел алуға болады, ал әйелдерге болмай ма? Біздің ел заң жүзінде зайырлы мемлекет, барлығымыздың құқымыз тең. Билік өкілдерінің шариғат заңымен өмір сүруді ұсынғанын қалай түсінеміз?» – деп жазды Баян Мақсатқызы.

Продюсердің бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқылауға ұласып, қоғамда түрлі көзқарастардың қалыптасуына себеп болды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.