Алтынай Жорабаева болашақ сәбиін бесікке жатқызбайтынын айтты

2 522

Әнші Алтынай Жорабаева сәбиі күтіп жүрген жұлдыздардың бірі. Өнер иесі бесінші сәбиін босанғаннан кейін бесікке жатқызбайтынын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Әнші әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, оқырмандарының сауалына жауап берген. Өнер иесі сәбиді күйеуінің қатты күтіп жүргенін айтты. 

"Бесікке жатпайды-ау. Әлішер осы бастан "Ешкімге бермеймін. Өзім қараймын. Қасыма алып жатамын" деп дайындалып жатыр. Менің бесінші балам. Оның тұңғышы ғой. Сондықтан оған бәрі қызық боп тұр", - деді Алтынай Жорабаева. 

Айта кетейік, осыған дейін әнші қашан босанатынын көпшілікке бөлісті. Алтынай Жорабаева биыл қыркүйекте аяғы ауыр екенін айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Естеріңізге сала кетейік, Алтынай Жорабаева осыдан бірнеше жыл бұрын бірінші жұбайы Сәбит Әбдіхалықовтан ажырасқан болатын. Төрт қызымен қалған әнші 2020 жылы қайта тұрмысқа шықты.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.