Алтынай Жорабаева болашақ сәбиін бесікке жатқызбайтынын айтты
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Әнші Алтынай Жорабаева сәбиі күтіп жүрген жұлдыздардың бірі. Өнер иесі бесінші сәбиін босанғаннан кейін бесікке жатқызбайтынын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Әнші әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, оқырмандарының сауалына жауап берген. Өнер иесі сәбиді күйеуінің қатты күтіп жүргенін айтты.
Айта кетейік, осыған дейін әнші қашан босанатынын көпшілікке бөлісті. Алтынай Жорабаева биыл қыркүйекте аяғы ауыр екенін айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Естеріңізге сала кетейік, Алтынай Жорабаева осыдан бірнеше жыл бұрын бірінші жұбайы Сәбит Әбдіхалықовтан ажырасқан болатын. Төрт қызымен қалған әнші 2020 жылы қайта тұрмысқа шықты.
Қаз
Рус






