"Түнде салют атып, көршілердің мазасын алды": Абай Бегейдің әйелі туған күнін тойлаймын деп сынға қалды

2 276

Фото: https://www.instagram.com/fari___za____zhan/Танымал әнші Абай Бегейдің әйелі блогер Фариза Жұманова туған күн тойлаймын деп сынға қалды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өнер иесінің жұбайының туған күніне құрбылары мен жақындары жиналған. 





“Бүгін дүние есігін ашқан күнім. Жаңа жасым берекемен келсін. Жақындарым жанымда менен асқан бақытты адам жоқ", – деп жазды ол.

Желі қолданушылары блогердің жекеменшік мерекесіне ақжарма тілектерін жаудырып жатыр. Алайда көршілері түнде туған күн тойлаған танымал отбасын сынады. 

“Туған күн құтты болсын! Бірақ түнгі 0:00-де қатты ән қойып, салют атуды қоясыздар ма?! Балам шошығаннан бір сағат жылады. Дәл қасыңыздағы көршілеріңізбін", – деді желі қолданушысы.