«Жылап қаламын...»: Жазира Байырбекова оқырмандарынан кеңес сұрады

2 523

Фото:©instagram.com/zhazira_bairbekova/Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде оқырмандарынан кеңес сұрады, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Өнер иесі жалғыз ұлы мен келінін бөлек шығару туралы ойлап, көз жасына ерік беретінін жасырмаған. 

«Сепарация» сөзінің қазақша баламасы бар ма? Қазбегім мен Асекемді бөлек жіберейік дегенді өзім ойлап, өзімнің көңілім түсіп кетеді. Олардың ойында ондай нәрсе жоқ. Бір ғана ұл болған соң ба, қазақы отбасынан шыққан соң ба, көпшілікке үйренген соң ба, “шығарғанымыз дұрыс-ау” деп ойласам, өзім жылап қаламын. Осы жөнінде ойларыңыз қандай?»– деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншінің жазбасын қызу талқылап, басым көпшілігі бірге тұруға кеңес берген.

«Үнемі гастрольде, тойларда жүресіздер. Айналдырған екі бала, бірге тұрған дұрыс қой.  Дараға да бас-көз болады», «Жалғыз баланы бөлек шығару үлкен  қателік болады. Келін ене тәрбиесін көру керек», – деп жазды оқырмандар.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.