Әнші Жеңіс Ысқақова жолдасына үйленуге ұсынысты өзі жасаған

2 621

Фото: instagramӘнші Жеңіс Ысқақова жолдасына үйленуге ұсынысты қалай жасағанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы әнші ХабарLike бағдарламасына берген сұхбатында айтты. 


"Ол жауыр болған әңгіме. Оны айтып жүргеніме 32 жыл болды. Өзім қолынан жетектеп АХАЖ бөліміне апарғанмын. Біздің заманымызда мәһр болған жоқ. Екеуіміз қосылып, бір жатақхана алғанымызға қуандық. Қосылған кезде екі шабадан болды, сөйтіп ақырындап кесе-шәйнек алып, адам болдық. Жолдасым өте салмақты, сөзге сараң жігіт. "Жақсы көремін" деп те айтпайды. Қашан айтады деп жүргеніме 32 жыл болды", - дейді әнші. 




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.