"Пәк қызды таппай жүрмін" - Еркебұлан Тоқтар

762
Отандық актер Еркебұлан Тоқтар жар таңдауда қыздарға қандай шарт қоятынын айтты,  - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Актердің айтуынша, ол кездесуде бойжеткеннен өз талабын тікелей сұрап алады екен. Еркебұлан Тоқтар өз талғамы жайлы "Taboo" бағдарламасында жасырмай баяндап берген. "Мен қазір таңдап жүрмін. Мінезіме сай келмей қалады. Көбіне бір себеппен сай келмей қалады.

Маған пәк қыз керек. Жоқ, білмеймін таппай жүрмін. "Неге?" деп сұрайды қыздардың көбісі. Менің талғамым сол.

"Маған көзі көк қыздар ұнайды" десем, "Неге" деп сұрамайды ғой. Менің талғамым сондай, маған сондай қыз керек. Ол менің таңдауым. Мен тікелей сұрап, басын бірден ашып аламын. Басын бірден ашып аламын. Өйткені уақытымды құртқым келмейді. Мен оның жағдайын жасаймын, уақытымды құртамын, жұмысымды тастаймын. Мен онымен үйленбейтін болсам, уақытымды құртып не істеймін?", - деді актер.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.