Әзербайжанның генералы Роза Рымбаеваға ғашық болған

2 712

Фото:  Stan.kzЖеліде танымал болған "Istədim" әнінің орындаушысы Роза Зергерлі атының тарихына тоқталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Әзербайжанның танымал әншісі, актриса Роза Зергерлі өз есімінің қазақ әншісі Роза Рымбаеваның құрметіне қойылғанын жасырмады. 

"Роза Зергерлі 1979 жылы дүниеге келген кезде Роза Рымбаеваның орындауындағы "Любовь настала" әні - жыл әні атанып жатқан. Роза Зергерлінің әкесі отставкадағы генерал-майор болған көрінеді. Сол жылы 21 жастағы қазақ әншісінің өнеріне ғашық болып, атын Роза деп қойғанын айтады. Мен Роза ханыммен кездесуді ұзақ күттім. Адамның есімі оның өміріне үлкен әсер етеді. Осы әйелді жақсы көріп, маған Роза деп ат қойғаныңа рақмет, әке", –дейді әзербайжан қызы.

Желі қолданушылар өнер иелеріне сүйсініп, қос өнерпазға сәттілік тілеп жатыр. 

“Қандай керемет көрініс?!”, “Қос Роза әндерімен қуанта берсін!”, “Екі елдің мақтаныштары”, “Әзербайжан қызы өз тілінде сөйлеп отыр”, – деп жазды көпшілік. 


 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.