Туған күн кешінде бір-бірінің ернінен сүйген актер жігіттер оқиға қалай болғанын айтты
355
Отырыстардың бірінде отандық актерлер Шерхан Пірназар мен Әбілмансұр Серіковтің бір-бірінің ернінен сүйіп алған видеосы желіде тараған еді. Бұл видео халықтың наразылығына тап болып, кеңінен талқыланды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Отбасылы жігіттер неліктен мұндай әрекет орын алғанын Нұрмахан Мұқанұлының YouTube каналына берген сұхбатында түсіндіріп берді.
Әбілмансұр Серіковтің айтуынша, бұл оқиға Ақбота Сейітмағамбеттің туған күнінде болған. Олар ойын ойнау кезінде беттен сүйеміз деп, байқаусызда ернінен сүйіп алып, ыңғайсыз жағдайға тап болған.
"Арам ой жоқ. Шерханның да өз отбасы, менің де отбасым бар. Ақботаның (Сейітмағамбет - ред.) туған күнінде болған оқиға. Билеп, бір-бірімізге қолдау білдіріп жүргенбіз ғой. Оның алдында отырыста ойын ойнаған кезде Шерхан биледі. Сол кезде біздің үстел ғой деп, бәріміз ақша шығарып, әзілдеп құақтап, бетінен сүйген едім. Дәл сол кезде Шерхан келді де, бетімнен сүймек болды. Мен байқаусызда бұрылып, қалып, ерніме тиіп кетті. Сонымен сол сәт видеоға түсіп, видео Tik-Tok-қа салынып, дау-дамай тарап кетті", - деп түсіндірді актер Әбілмансұр Серіков.
Шерхан Пірназардың айтуынша, желіде тараған видеодан соң оған ұсыныс айтып, жазған ер адамдар да көбейген.
"Кәдімгідей ойланып қалады екенсің. Түрлі адамдар жаза бастады. "Сен де сондайсың ба? Қашаннан бері" деп сұрақтың астына алды. Біздің елде біреу даттап шықса, бүкіл халық соны даттап шығады. Ал мақтап шықса, барлығы сол адамды мақтай бастайды. Соның құрбаны болдық. Құдай сақтасын", - дейді актер.
Ыңғайсыз жағдайға қалған қос актер бұл оқиға оларға қатты әсер еткенін жасырмады.
"Бұл өте жаман жағдай ғой. Бала-шағаң бар. Көп сөздің астында қаласың, қарғыстың астында қаласың. Қазақтың жігіттері осындай деп жазып жатты елдер. Адамға жаман әсер етеді. Көзбен көрмегеннен кейін, аяқ асты видеоға түсіп қалған соң, шыны керек өте қиын екен", - деді Әбілмансұр Серіков.