Үйқамаққа шыққан Мейіржан Төребаевты күтіп алған балаларының видеосы желіге тарады

473
Қаржы пирамидасы ісі бойынша алдын ала тыңдау барысында қабылданған шешімнен кейін үйіне оралған вайнерді күтіп алған балалары көпшіліктің көзіне жас алғызды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Балалары мен әкесінің қауышқан сәтін Дана Есеева
Instagram парақшасында жариялады.

Үйде. Анамыздың, балалардың жанында. Ол отбасымен бірге. Алдағы уақытта Мейіржан үйден қатысатын сот болады. Адвокаттардың жұмысы жалғасуда. Біз тек соттың әділ болатынына үміттенеміз. Барлық жылы тілектеріңізге рахмет, алғыс білдіреміз. Балалар бұл плакатты 8 ай бұрын дайындап қойған, - деп жазды Дана Есеева.


Ал желі қолданушылары Мейіржан Төребаев пен балаларының қауышқан сәтін көріп, көзіне жас алған.

"Видеоны көріп отырып, өксіп жыладым", "Қандай бақыт", "Осы видеоны көріп, жылап отырмын", "Сіздер үшін қуаныштымыз", "Қайта оралуыңмен", "Отбасыңа қайта оралғаныңа қуаныштымын", "Құттықтаймын", - деді желі қолданушылары.


Айта кетейік, биыл ақпан айында блогер Мейіржан Төребаев пен актер Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.