Төреғали Төреәлі полицейлерге ән арнады

2 574

Фото: Instagram/toregalitorealiҚазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі қазақ полициясы туралы ән шығарып, көпшілікке жаңа бейнебаянын ұсынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған өнер иесінің тың туындысы желіде қызу талқыға түсті.


Төреғали Төреәлі Instagram-дағы парақшасында полиция қызметкерлерін мерекесімен құттықтап, олардың құрметіне ән шығарғанын жария етті. 

"Құрметті ішкі істер органдарының ардагерлері, тәртіп сақшылары, ішкі істер органдарының қызметкерлері. Сіздерді "23 маусым – Қазақстан полициясы күні" мерекесімен құттықтаймын Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз! Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атаққа абыройлы қызмет ете беріңіздер! Еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын", - деп тілегін жолдады өнер иесі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.