Бүркіттің атышулы қарындасы сәлем салуға қарсы

579
Әнші Бүркіттің атышулы қарындасы Әсел Асқар қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрін сынады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Әселдің өзі — салт-дәстүрге берік  оңтүстіктің тумасы. Соған қарамастан оңтүстік пен батыстың сақталған сәлем салу үрдісін місе тұтпады.

"Мен түсінбейтін, қабылдай алмайтын бір салт-дәстүр бар. Ол — сәлем салу. Мен ес білген шағымнан бастап әжемнің бауырында тәрбиеленіп өстім. Соған қарамастан "сәлем салу" дәстүрін түсінбеймін! Жаңа ғана танысқан адамдарға қалай бас июге болады? Тек Аллаға ғана бас ию керек! Және сені бағып-қағып өсірген ата-анаңа бас иген жөн. Ал ата-енеге деген құрметіңді басқа жолмен көрсетуге болады. Мен сәлем салу дәстүрін "екіжүзділік" деп санаймын. Кейде келіндер енесіне сәлем салып тұрып, артынан жек көріп, жамандайтыны бар", — дейді Әсел Асқар.

Блогер жастық шақтың буымен пәктігінен айырылған қыздарға кеңес берген еді. Әселдің пайымдауынша, болашақ күйеуінен жігітінің болғанын жасырған дұрыс екен. Себебі ер адамдар оны түсінбейді деп есептейді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.