«Біздің әулеттің келіндері иіліп сәлем салады": Байырбекованың бала күтушісі арнайы жоралғы жасап, әншінің "туысқаны" атанды
748
Әнші Жазира Байырбекова кішкентай қызын бағып отырған күтушісіне"жілік ұстау" рәсімін өткізіп, Байырбекованың анасының бауыры атанды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Жазира Байырбекова бұл туралы Instagram парақшасында сыр шертті. Өнер иесі арнайы видео жариялап, аталмыш рәсімнің қалай өткенін көрсетті.
"Жілік ұстап, бауыр атанды. Дара өмірге келгенде балаға қарайтын (бала күтуші) мейірімді адам іздеп, бірінші кездескен Шарипа апамен таныстым да, бірден ұнаттым. Басынан өте ауыр жағдайлар өтті. Бауырларын, жалғыз ұлын мәңгілік өмірге шығарып салды. Қанша қиындық көрсе де, мәдениеттілігін, адалдығын, көркем мінезін жоғалтпады. Қызыма, отбасыма, туыстарыма туыс болып кетті. Өз анама денсаулығына байланысты балаға қарағаннан кем қарамаймыз. Анама да қамқор болып, бір-біріне бауыр басып қалды. Шарипа апамдай адам өмірде бар ма, жоқ па білмеймін. Мұндай адал адам аз. Қазақта туғанынан көрмей жүрген жақсылықты, мейірімділікті көріп, шын тілекшің болып жүретін адамдармен туғандай болуға болатынын "жілік ұстау" рәсімімен көрсете білген екен. Бүгіннен бастап анам екеуі жілік ұстап туған бауыр атанды. Анамның туған бауыры жоқ еді. Енді бар. Енді ол кісіге біздің әулеттің келіндері иіліп сәлем салып, біз ақыл сұрайтын бір анамыз болады. Анам мен бауырына тілек жаза өтіңіздерші. Періштелер аумин десін", - деп жазды әнші.