Ерке Есмахан өз әнін сахнада ұмытып ұятқа қалды

634
Отандық әнші Ерке Есмахан Республика күні Семейде өткен концертте әнінің сөзін ұмытып қалған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Әнші Семейге концерт үшін арнайы ұшып барған. Ерке Есмаханның жариялаған видеосына сүйенсек, ол "Аэропорт" әнінің сөзін ұмытып қалған.

"Миллион рет айтып жүрген әннің сөзін ұмытып қалғаным қалай кетті?", - деп жазды Ерке Есмаханның өзі.

Ал сәлден соң әнші "Еркелей берем" айтпақ болғанда, әннің фонограммасы қосылып кеткен. Әнші дереу әрекет етіп, фонограмманы тоқтатуды сұраған.

"Тоқтат, тоқтат. Плюспен қосылып кетті ғой. Қайтадан минуспен қоса ғой", - деді әнші.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.