"Ислам діні құптамайды": Кәмшат Жолдыбаеваның жаңа мамандығы сынға қалды
2 566
Тұрмыс құрып, сахнадан көрінбей кеткен Кәмшат Жолдыбаева жаңа мамандықты игергенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Әншінің айтуынша, сахнадан бөлек спортты да қолға алған көрінеді.
“Әйел адамға жұмсақтық тек мінезіне, табиғатына ғана емес, тәніне де жарасқан. Созылу амплитудасының жоғары болуы – дене жастығының бір көрсеткіші. Бізді нағыз әйел ететін, ол – гормондарымыз. Бір ғана фактор: стресстің өзі ағзамызға, соның ішінде гормондарымызға үлкен зиянын тигізеді. Содан неше түрлі аурулар туады. Осындай мәселелерді шешу үшін әйелдер гормоналды йогасының маманы атандым. Аллаға шүкір! Ендігі мақсатым – білімді басқа да денсаулыққа қатысты жаттығулармен дамыту. Әйел адамдарға көмектесіп, қызмет еткім келеді”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары йогамен айналысып жатқан әншінің қимылдарына таңғалды. Бірі дінімізде бұл жаттығуларды жасауға тыйым салғанын алға тартады.
“Йогамен индуизм және буддизм дінін ұстанатындар айналысады”, “Ислам дінінде йогаға рұқсат жоқ”, “Кәмшат та адасып жүр екен”, “Дене сымбаты, мүсін деп жүріп, діннен алыстап кетпеңіз”, “Күйеуге шыққасын салмақ қосыпты”, “Қыздар, Кәмшаттың айтқанымен жүрмей, кітап оқып сауат ашыңдар”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Сонымен қатар, эстрада жұлдызы психология саласына да бет бұрған көрінеді.
“Психология саласы – өмірімдегі келесі қадам. Жаңа саяхат, жаңа білім, жаңа зерттеу. Ең бастысы – өзімді тану. Сол арқылы Алланы танығым келеді. Менде ниет пен талпыныс бар. Нәтижені Жаратқанға тапсырдым”, – дейді өнер иесі.