Меруерт Түсіпбаева: өмір осы...

752
Әнші Меруерт Түсіпбаева желіде махаббат жайлы жазба жариялап, аруларға бұл өмірде тек өзіне ғана сену керек екенін айтты, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Меруерт Түсіпбаева махаббат пен сатқындық жайлы өз ойын Instagram парақшасында жеткізді. Эстрада жұлдызы өмірде тіпті ең жақын адам да сатып кетуі мүмкін екенін айтты.

"Қыздар! Бұл өмірде тек өзіңе ғана сеніп, өзіңе ғана арқа сүйеу керек. Осыны жаттап алыңдар!Күйдім-сүйдім деген адам 6 минутта сатып кетуі мүмкін. Өмір осы! Бірақ сонда да өмір деген ғажап", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әртістің әсерлі жазбасына қолдау білдіріп, өз пікірлерін айтты.

"Дұрыс айтасыз. Бұл өмірде кез келген адам сатып кетуі мүмкін", "Сіздің сөздеріңізбен келісемін", "Иә айтқаның шындық, өте дұрыс айттың", "Шынайы емес адамға шынайы махаббат жоқ дейді ғой", "Сөзіңіздің жаны бар. Ер азаматтарға сенім жоқ. Тек сөзбен ғана шектеледі", - деп жазуда желідегілер.