Жүргізуші куәлігінен айырылған Төреғали Төреәлі әйеліне көлік сыйлады

2 390

Жақында басы дауға қалған Төреғали Төреәлі келіншегіне темір тұлпар сыйлады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышымен бөлісіп, видео жариялады. Бейнежазбадан Төреғалидің Толқынға тосый сый жасап, темір тұлпарының кілтін тапсырып жатқанын көруге болады.


“Толқын менің мән берген өміріме,
Құтты болсын айтайық көлігіне.
Анамды той-думанда ап жүрсін деп
Ат мінгізіп жатырмыз келініне”, – деп жазба қалдырды Төреғали желіге жүктеген видеоның астына.


Желі қолданушылары Толқынға құтты болсын айтып, Төреғалиді қағытпа қалжыңымен өткен істі еске түсірді.


”Права кетті сотталып, қалдым енді тоқталып, тасысын деп мені өр қырға, көлік алдым Толқынға” десеңші”, “Правам жоқ, енді келіншегім айдасын де”, “Өзіңде енді көлік айдауға рұқсат болмаған соң көлікті Толқынға бердің бе”, “Жұғысты болсын маған да”, “Берекелі көлік болсын, құтты болсын”, “Тамаша! Құтты болсын! Толқынға кеме әперсең де жарасады”, – деп жазды желідегілер.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.