"Сіз қазаққа керексіз": Инфаркт алған Сәбит Әбдіхалықов емделіп жатқанын айтты

322
Актер Себит Әбдіхалықов жүрек талмасына ұшырап, ем алып жатқандығы туралы айтты, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

Жеті баланың әкесі бүгінде жүрегін емделіп жүр. Бұған дейін 2016 жылы инфаркт алған. 

"Алматы Кардио орталығының дәрігерлері мен медбикелеріне және басшысы Алмат Тұрысбекұлына мың алғыс! Нағыз өз ісінің мамандары . 2016 жылы инфаркт алғанымда аман алып қалды, жеті жылға жуық жүрегімді емдеп келеді," деп жазды. 


Өнердегі әріптестері әнші Сәкен Майғазиев, журналист Асхат Садырбай Сәбит мырзаға шипа тіледі.