"Сүмелек, ұялмайсың ба": Еркебұлан аспазын бопсалаған адамға ашуланды
Актер әрі кәсіпқой боксшы Еркебұлан Тоқтар өзіне тиесілі Tok Burger дәмханаларының бірінде келеңсіз жағдай болғанын айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі оқиғаның мән-жайын әлеуметтік желідегі instagram.comerkebulan__toktar парақшасында баяндады. Оның сөзінше, белгісіз бір азамат бургердегі котлеттің піспегенін айтып, аспазға видео жіберген. Кейін қызметкерден ақша талап еткен.
Жұмыстан айырылып қаламын деп қорыққан аспаз қалтасындағы соңғы қаражатын әлгі азаматқа аударып жіберген.
Алайда Еркебұлан Тоқтар видеода көрсетілген бургер олардың дәмханасына тиесілі емес деп отыр. Оның айтуынша, Tok Burger-де котлет жұқа әзірленеді, ал видеодағы котлет әлдеқайда қалың болған.
.Актердің сөзінше, келуші бастапқыда 50 мың теңге сұраған, ал аспаз оған қолында бар 30 мың теңгені жіберген.
Ол бұл мәселемен енді компания заңгерлері айналысатынын мәлімдеді.







