Серік Ибрагимов төртінші рет әке атанды

2 526

Кадр: Instagram / ibragimovserikҚазақстандық танымал әнші Серік Ибрагимов пен оның жары Айнамкөз Әбдімаева төртінші рет ата-ана атанды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл қуанышты жаңалықты әнші өз Instagram желісіндегі Stories-те бөлісті. Перзентханада түсірілген видеода Серік Ибрагимов жары мен жаңа туған нәрестесінің қасында тұрып, төрт саусағын көрсету арқылы шаңырағында төртінші перзенттің дүниеге келгенін меңзеп, оқырмандарынан сүйінші сұрады.

Өнер иесінің отбасы жайлы ақпарат:

Ерлі-зайыптылардың енді төрт баласы бар:

Хамза — отбасының тұңғыш ұлы;

Рабиа — отбасындағы қыз бала;

Шадияр — 2024 жылғы қаңтарда дүниеге келген ұлы.

Сондай-ақ бұған дейін жұлдызды жұп арнайы гендер-пати видеосын жариялап, отбасылары тағы бір ұл баламен толығатынын сәуірде сүйіншілеген еді. Ал, бүгін 28 шілдеде Серік Ибрагимов төртінші рет әке атанғанын жария етті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.