Жарысып шешінген Жолдыбаевалар елге жақпай қалды

619
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары Кәмшат пен Алтынай Жолдыбаевалар әпкелі-сіңілі бүгінде Тайландта демалып жатыр- деп жазады Opennews.kz ақпарат агенттігі.  

Алтынай мен Кәмшат ыстық мекенде қалай уақыт өткізіп жатқандарын Instagram парақшасында белсенді түрде көрсетуде. Олар оқырмандарын күнде жаңа фото мен видеолармен қуантып жүр.

 Үнемі спортпен шұғылданып, дене сымбатына ерекше көңіл бөлетін қос ару демалыста мінсіз мүсіндерін паш етті. Олар желіде ашық образдағы суреттерімен бөліскен.


Алайда, бойжеткендердің бұл қылықтары оқырмандардың ашуын тудырды. Көпшілік олардың суреттерін аяусыз сынап тастады.

"Апалы-сіңілі жарысып шешінді. Ұят деген қайда қалды?", "Ұят қалмаған сияқты ғой", "Айналайын киініп жүріңдерші. Мына тірліктерің болмайтын нәрсе", "Алтынай екеуің де қайтпайды екенсіңдер. Тән қасиет қалмаса кімдер үйленеді, жастарың болса 40-қа келді, үйленіп бала табу керек, тәніңмен әлемді жаулай алмайсың. Бәрі уақытша", "Сөзім жоқ. Енді несімен таңғалдырады екен?", - деп жазды желідегілер.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.