«Оттай берсін!» - Заманбек Нұрқаділовтың тоқалы бәйбішесіне жауап берді

2 021

Заманбек Нұрқаділовтың бәйбішесі Мақпал Жүнісоваға қатысты күдіктерін ашық айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.


Жуырда YouTube арнасындағы «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтың алғашқы жары Нұрбике Нұрқаділова марқұм күйеуі жайлы әңгімеледі.


Екі бөлімнен тұратын сұхбаттың өзегі – Зәкеңнің жеке өмірі, кейінгі тағдыры туралы. Осы сұхбатта Н.Нұрқаділова Зәкеңнің екінші әйелі болған Мақпал Жүнісоваға қатысты күдігін айтады. Өзімен бірге тұрғанда Зәкеңнің көп ішпегенін, Мақпалға кеткен соң көбірек ұрттағанын, «жағасы кірлеп» жүретінін сөз етеді.


«Ана жақтағы өмірін (Мақпалға кеткеннен кейін – ред.) де естігенбіз. Кереметтей өмір болған жоқ ол жақта. Сондықтан ұлыма үнемі әкеңді байқап жүр деп айтатынмын», – деді Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары. 


«Екі баласымен мені не үшін тастап кеткенін білмеймін. Бірақ, Мақпал екеуінің махаббаты – есепке құрылған махаббат. Егер махаббат болса, неге кісіден ажалы болады?», - деді Нұрбике Нұрқаділова Зәкең жайында.


Тіпті Нұрқаділова «Зәкеңді бірінші отбасынан әдейі алып кеткен болуы мүмкін» деген күдігін де жасырмады.


Тілшілер Мақпал ЖҮНІСОВАҒА хабарласып, осы мәселеге қатысты сұхбат беруін сұраған. Әнші сұхбат беруден бас тартқанымен, күндесіне қатысты ойын бүкпей айтып қалды.


«Рақмет, қарағым! Даже не стоит! Мен ол кісінің деңгейіне түспеймін. Бәрін өтірік айтып отыр. Сондықтан мен ол кісімен жарысып сұхбат бермеймін. Кешірім өтінем, оттай берсін!», – деп жауап берді әнші.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.