"Қуана-қуана билет алдым": Аида Балаева әнші Дженнифер Лопестің концертіне бармақ

2 137

Фото: Stan.kzМинистр Аида Балаева америкалық әнші Дженнифер Лопестің концертіне баратынын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Tамыз айында әлем жұлдызы Астана Арена кешенінде концерт бермек. 

"Мен Дженнифер Лопестің концертіне қуана – қуана барамын. Өйткені, оның аудиториясы кең, әлемдік мойындатқан таланты бар. Оны өз көзімізбен көргіміз келеді. Мен билет алдым, балаларыммен бірге осы концертке барамын", - деді мәдениет министрі үкіметте өткен брифингте.

Instagram желісінде алып-сатарлардың жарнамасы тарады. Ол жақта билет құны 500 мың теңге көрінеді. Осылайша ол VIP орындарға билеттер ұсынып, фан-зонаға билет те сататынын айтқан.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.