«Тағы да ауылда»: Дариға Бадықованың жаңа фильмі қашан шығады?

2 542

Фото: instagram.com/dariga_badykovaТанымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова «Таптым-ау сені 3» атты жаңа фильмін аяқтағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Актрисаның айтуынша, түсірілім тағы да ауылдық жерде өткен. Ол жариялаған видеода DBO production шағын құраммен және аз ғана локацияда фильм түсіріп, үлкен табысқа қол жеткізуді мақсат еткені үшін әзіл-қалжың аралас кешірім сұраған.

Сондай-ақ Бадықова жаңа фильмнің прокатқа шығу күнін де жариялады. Оның сөзінше, «Таптым-ау сені 3» көрерменге 26 наурызда жол тартады.

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.