«Тағы да ауылда»: Дариға Бадықованың жаңа фильмі қашан шығады?
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова «Таптым-ау сені 3» атты жаңа фильмін аяқтағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Актрисаның айтуынша, түсірілім тағы да ауылдық жерде өткен. Ол жариялаған видеода DBO production шағын құраммен және аз ғана локацияда фильм түсіріп, үлкен табысқа қол жеткізуді мақсат еткені үшін әзіл-қалжың аралас кешірім сұраған.
Сондай-ақ Бадықова жаңа фильмнің прокатқа шығу күнін де жариялады. Оның сөзінше, «Таптым-ау сені 3» көрерменге 26 наурызда жол тартады.
Қаз
Рус






