Шемішке сатып күн көрген

526

Ләйлә Сұлтанқызы "Түнгі студия" бағдарламасында базарда нан, аулада шемішке сатқан күндерін еске алды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы көрерменге қайта жол тартқан жаңа "Түнгі студия" бағдарламасының алғашқы қонағы болды. Нұрлан Қоянбаевқа сұхбат беріп, ол жас кезін еске алды.


"90-жылдары қайта құру болды. Сонда анам ыстық күнде газға нан пісіретін, күніне 200 данадай. Соны дорбаға салып, баарға апарып, 50 теңгеден сататынбыз. Далада шемішке саттық", - дейді Ләйлә Сұлтанқызы. 


Сұлтанқызы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті болып жүріп те саудаға араласқанын айтады. Ләйлә Сұлтанқызы әжесі ол оқитын ЖОО-ның алдына шемішкесін арқалап келгенде ұялған күндері туралы айтты. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.