Мейрамбек Бесбаев жақсы жаңалығын айтты

2 699

Фото: instagram/ meirambek_besbaevТанымал әнші Мейрамбек Бесбаев тыңдарман қауымға жақсы жаңалығын бөлісті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Эстрада жұлдызы өнердегі бағын ашқан “Бозторғай” әніне қатысты сөз қозғады. 

“Ақын Әбдірахман Асылбековтің сөзіне жазылған, Алтынбек Қоразбаев көкемнің “Бозторғай” әні 36 жылдан кейін елмен қайта қауышып отыр. Ақберен Елгезек досымның түсірген “Болмаған балалық шақ” фильмінің саундрегі ретінде ұсынып отырмыз. Қабыл алыңыздар! Баршаңызды осы бір ойлы, тәрбиелік мәні зор фильмді бала-шағаларыңызбен бірге барып көруге шақырамын, ағайын!”, – деп жазды әнші. 

Айта кетейік, өнер иесі ән үшін жетімдер үйіне барғанын айтқан еді. 

“Мен бала күнімде “Бозторғай” деген әнді айтқанмын. Жетім баланың зары мен мұңын суреттейді. Сол кезде Алтынбек көкем жетімдер үйіне алып барған. Әнді түсініп айтсын деген ниеті болуы керек. “Мына балалардың әкесі де, шешесі де жоқ” дегенде өмірде әке-шешесі жоқ балалар да болады екен ғой деп қатты таңғалғаным бар”, – деп жан сырын ақтарған еді эстрада жұлдызы. 

 


 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.