Ләйлә Сұлтанқызы әзілкеш Нұрболханмен соттасқанына өкінетінін айтты
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында өмірінде өкінетін дүниелер жайлы айтып берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Соның бірі - әзілкеш Нұрболхан Шараповпен соттасу.
Еске салайық, Ләйлә Сұлтанқызы жүргізген отандық бағдарламада көтерілген тақырыптың бірі жайдарманшының шамына тиіп, ол бағдарламаны қатаң сынға алған. Алайда бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы Нұрболханның бұл сынын орынсыз санап, оны жеке басыма тіл тигізді деп айыптап, сотқа берген.
Кейін жайдарманшы Ләйлә Сұлтанқызымен арадағы дау аяқталған соң, сот шешімі бойынша тележүргізуші соттасуға кеткен 1 миллион теңгеден астам шығынды оған толықтай өтеп беруге міндеттелген.