"Күлше қыз": Ерке Есмахан мен AZ фанаттарын күлдірді

779

Азамат Зенкаев желіге Ерке Есмаханмен түскен кезекті видеосын жүктеп, қызу талқыға түсті. Бейнежазбада қос ғашық ханшайым мен ханзаданың кейпінде шыққан - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.


Басына тәж, нағыз ханшайымдардікіндей көйлек киген Ерке дәл ертегідегі Күлше қыз сияқты туфлиін жоғалтып алады. Алайда хикаяның соңында ел күткен "хэппи енд" болмайды. Ханзада АZ аяқ киімді иіскеп, лақтыра салады. 

"Аяқтарыңды жуып жүріңдер", - деп әзіл жазба қалдырды рэпер. Желі оқырмандары күлкіге қарық болды. 

"Бәрі әдемі басталып еді", "Сондай әдемісіздер, бақытты болыңдар. Күлкілі жағдай, әрине. Бірақ сіздердің сұлулықтарыңыз бәрін жауып тұр", "Ең күшті жұп", "Күлше қызды түсірген түрлерін-ай", "Нағыз махаббат", - деп жазды оқырмандар. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.