Ақбота-Нұр "сүйісу сахнасына" қатысты пікірін айтты

2 221

Фото: instagram/ akbotanurabaykyzyОтандық актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбет желіде дау туғызған “сүйісу сахнасына” қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


“Оңай болған жоқ. Жан-жақтан соққылар келді. Хайп ретінде жасаған дүниеміз біраз денсаулығыма, жеке өміріме әсер етті. Хайптың аты – хайп деген осы. Ол үшін жақсы гонорар төленіп жатыр", – отандық киножұлдыз. 


Актриса түсірілім кезінде жарақат алғанын айтып, бүгінде денсаулығына күш түсіп тұрғанын жасырмады. 


"Продюсеремізге шағымданайын деп тұрмын. Түсірілімге барғанда жарақаттанып қалдым. Бір-екі қимылым дұрыс болмай, жігіттеріміз үстелді дұрыс қоймағандықтан құлап, жарақат алдым. Сосын он күндей емханада жатқан болатынмын", – өнер иесі.