Байзакованың бұрынғы күйеуімен қарым-қатынасы қандай?

315

Фото: https://www.instagram.com/bayzakova/?hl=ruОтандық танымал актриса әрі блогер Айжан Байзақова ұлының әкесімен бүгінде қарым-қатынасы қандай екенін ашып айтты. Желі жұлдызы бұрынғы сүйіктісіне ешқандай реніші жоқ екенін жеткізді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Айжан Байзақова көпті қызықтырған сұраққа Instagram желісінде жауап берді. Ол баласы мен әкесінің байланысы үзілмегенін алға тартты.


 "Алан араласады. Сол да жеткілікті. Мен тек жұмыспен ғана сөйлесемін. Аланға телефонды беріп, демалыстан сурет жіберіп дегендей. Бар болғаны сол. Қалған сұрақтар бойынша менің анаммен сөйлеседі. Менің оған деген өкпем жоқ. Бәрі дұрыс" - деп айтты Байзақова.

,

Оған қоса блогер ару оқырманына жақсы ер азаматпен қайда танысуға болатынын айтып, кеңесін берді.

 

"Егер өзіңіз сыйлауға тұрарлық жан болсаңыз сізге оны іздеудің қажеті жоқ. Сізді өздері тауып алады. Еш алаңдамаңыз. Әдемі өмір сұріңіз, дамуға ұмтылыңыз, әркез сұлу да көрікті болып жүріңіз. Беделді ер адамдар өздері сізге тартылатын болады. Ер азаматтар оларға мұқтаж екенін сезіп қояды. Оларға мұқтаж болмаңыз", - деп жазды ол. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.