Танымал әнші Ерке Есмахан өзіне қалың мал керек емес екендігін мәлімдеді

281

Жеке өмірі жұрт назарынан қалмайтын Ерке Есмахан жігіт таңдауға қатысты ойын білдірді. Ол қазіргі кезде "қалың мал айтатын жағдайда еместігін" мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.  

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/?hl=ru
Шоу-бизнес аруларының ішінде жұрттың сөзіне жиі ілігетін әншілерінің бірі - Ерке Есмахан. 2021 жылы Ninety one тобының экс-мүшесі Азамат Зенкаевпен (A.Z) қарым-қатынаста болған әнші бірнеше айдан соң онымен айырылысқанын хабарлады. Бұл "өз қалауымен" болғанын айтты. Содан бері Еркенің басы бос. Осы ретте ол болашақ жарын таңдау, одан қалың мал құнын сұрауға қатысты ойын білдірді. 


"Мен қазір қалың мал айтатын жағдайда емеспін-ау. Керісінше, Алла қосқан еріме қайырлы жар болып, несібемізді бірге еселеп, Алла қаласа, ұрпағын көбейтіп, жолдасыма, барған жеріме қолымнан келгенше қолдау болып жүрмесем, басқа зияным жоқ келінмін", – деді Ерке.


Әншінің айтуынша, болашақ өмірлік серігінің бойында болуға тиісті негізгі қасиет –  шынайылық. "Қалған қылығын қасиетті қылып аламын. Мінсіз адам жоқ", –  дейді әнші. 


Одан бөлек, Ерке тек балалары үшін ерімен бірге тұратын әйелдерге жаны ашитынын білдірді.


"Әйелдің 40 жаны бар деп айтады ғой. Негізі 40 жаны жоқ. Еркек сияқты әйелдің де тек бір-ақ жаны бар. Өтініш, ерлер қауымы, соны түсініңіздерші! Балаларыңыздың анасын бақытты қылуға тырысыңыздаршы. Өмір жалған, нәпсіні қойып, жанұяға көңіл бөліңіздерші. Түбінде сол балалар өсіп, солардың қызықшылығы маңызды болады. Әр қазақ қызы бақытқа лайықты", – дейді Ерке Есмахан.