Жазира Байырбекова қыз жасауын халық алдында шығарып көрсетуге қарсы шықты
675
Әнші Жазира Байырбекова қыздың артынан апаратын дүние мүлікті көпшілікке жария етуді мақтаншақтыққа теңеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Танымал өнер иесі әлеуметтік желісінде бұл үрдіс соңғы уақытта үдеп бара жатқанына қапалы.
Әнші бұны "мақтаншақтық, дарақылық" деп түсінетінін жеткізді.
Танымал өнер иесі әлеуметтік желісінде бұл үрдіс соңғы уақытта үдеп бара жатқанына қапалы.
Кімнің қанша қалың мал бергенінде, қыздың артынан қандай киім, қандай ыдыс әкелгенін де көпшіліктің қандай шаруасы бар? Бар адамдар апарсын, бірақ жария етпей-ақ қойсақ болмай ма?, - дейді Жазира Байырбекова.
Әнші бұны "мақтаншақтық, дарақылық" деп түсінетінін жеткізді.
Осыдан 15-20 жыл бұрын қыздың қолынан ұстап ұзату әнін айта бастадым. Бірақ, дәл қазіргідей "әнші қыз ұзату керек" деген ұғым қалыптасып, салтымызға айналып кетеді деп ойламап едім. Жәй ғана тойдың сәнін келтірсем деген ниет қана болды, - дейді өнер иесі.