Сәбит Әбдіхалықовтың жетінші баласы дүниеге келді

349

Танымал актер, режиссер Сәбит Әбдіхалықовтың жетінші баласы дүниеге келді. Оның үшінші жары Динара Абдуллина шекесі торсықтай ұл босанды. Бұл - актердің одан екінші баласы,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Қуанышты жаңалықты Динараның театрдағы әріптесі әрі құрбысы Нұргүл Мыңғатова Instagram-дағы парақшасында жазды.

Батырдың бауы берік болсын,—деп жазды Нұргүл Мыңғатова.

Осыдан екі жыл бұрын Сәбит үшінші рет үйленген еді. Әбдіхалықовтың таңдауы жас актриса Динара Абдуллинаға түскен. Динара актерден 16 жас кіші. Сәбиттің бірінші әйелі актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева екені мәлім. Одан бір ұлы бар. Ал екінші жары әнші Алтынай Жорабаева. Одан төрт қызы бар.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.