Меруерт Түсіпбаева елорда атауын өзгертуді қолдаған депутаттарға шүйлікті
Меруерт Түсіпбаева елорда атауын қайта өзгертуді ұсынған депутаттарға шүйлікті. Әнші «халық қалаулыларының» бұл ісіне ұят деп баға берді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсыныс білдірген. Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді.
Көп ұзамай Конституциялық кеңес Тоқаевтың ұсынысы бойынша шешім қабылдады. Кеше бұл ұсынысты ономастика комиссиясы қолдады.







