"Төсек арқылы алды деді": Құралай Анарбекова "Ақтөбе аруы" атанғанына өкінетінін айтты
Отандық танымал актриса әрі кинопродюсер Құралай Анарбекова "Ақтөбе аруы" байқауына қатысқан кезін еске алып, жеңіске жеткені үшін қатты өкінетінін айтты. Өнер иесінің сөзінше, ел арасында сол алған атағы жайлы түрлі қауесеттер тарап, жанына батқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Құралай Анарбекова өміріндегі өкініші туралы "Мамский әңгіме" подкастында айтып берді. Актриса өзін көре алмаған жандар "Ақтөбе аруы" атағы оған төсек арқылы келді" деген қауесеттер таратқанын жеткізді.







