Әншінің жары тоқал мәселесіне қатысты көзқарасын білдірді

2 515

Коллаж:© sn.kzТанымал әнші Сәкен  Майғазиевтің жары Динара Майғазиева күйеуінің екінші әйел алуға деген көзқарасын ашық айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sn.kz сайтына сілтеме жасап.


"Жақсы сұрақ. Қуанып қалдым ғой. Ол негізі екі жақтан да емес, пешенесіне байланысты. Үлкен кісілер пешенеге байланысты деп айтып отырады ғой. Алла жазса әйел адам қалай ма қаламай ма бәрібір маңдайына жазылғанын көреді. Ағаң мен алып бермей алмайды ғой", - деді Динара Майғазиева.

 Сәкен Майғазиевтің әлеуметтік желіде смайликтерді жиі қолдануының мәнін де ашып берген. Айтуынша, бұл - оның еліне деген ықыласы мен шынайы ниетін, ақ тілегін жеткізудің бір тәсілі. Көпшілік оның бұл жауабына әртүрлі пікір білдірді.

"Осындай әп-әдемі отбасыға осындай сұрақтың өзі ерсі ғой", "Сәкеннің жары да өзі мәдениетті ғой. Жастарға үлгі тұтамын", "Сәкен ақымақ емес. Тоқалды топастар алады. Динарадай әйелі бар. Оның үстіне қатын құмар еркек емес ол", "Күлкінің астына үлкен жан сыры жасырынып тұр ғой", "Күлкісімен осыдан алып көрсін деді ғой", "Ешқандай пешене емес адамның өзіне байланысты. Алла тағала пиғылына береді", "Абайлап сөйлеу керек ау менен ешқайда кетпейді дегендерде кетіп қалдығой", "Күліп тұрып бауыздамай сояды ғой", "Енді осыдан соң пешенеме жазылған екен деп екінші әйел алып кетпесін", - деп жазды оқырмандар.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.