Төреғали Төреәлі тағы да сүйінші сұрады
Белгілі әнші Төреғали Төреәлі халыққа жаңа әнін ұсынды. Әннің тизері оның желідегі парақшасында жарияланған. Ал видеода оның жары Толқын Тұрарбекқызының аяғы ауыр екенін көруге болады,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.
Төреғали Төреәлі жаңа "Сенем саған" деген әнін жарына арнаған көрінеді. Себебі әнші жариялаған видеоға ол жарымен бірге түскен. Сонымен бірге видеодан Толқын Тұрарбекқызының аяғы ауыр екенін көруге болады. Желі қолданушылары болса, оның жетінші сәбиіне жүкте деген болжам жасады.
Десе де, бұл видеоның қашан түсірілгені белгісіз. Әнші жарының жүктілігі жайында ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Айта кету керек, бүгінде Төреғали Төреәлі мен Толқын Тұрарбекқызы алты перзент тәрбиелеп отырғаны белгілі. Алтыншы сәбиін Толқын 2024 жылы өмірге әкелген.







