«Жат жерде жүрміз»

460
Отандық әнші  Қарақат Әбілдина  «Түркияда елінде тұру» жайлы көпшіліктің мазалап жүрген сауалына жауап берді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

"Біріншіден, келіп қойғанымызға жылдан асты. Екіншіден, біз Неге Түркияда тұруымыз керек?! Үшіншіден, адам болған соң бару керек, көру керек. Әдемі жер, әдемі табиғатта бір маусым қыстағымыз келді. Болдық, қайттық.

Біз – мен де, Қыдекең де осы топырақта өскен, осы жердің суын ішіп, ауасын жұтып өскен ұл-қыздарымыз. Осында өсіп-өндік. Біз оны айырбастамадық. Айырбастамаймыз да. Бұл сұрақтың өзі тым ерсі біз үшін. 

Жаңа босанған денсаулығыма, жақынымнан айрылып жабырқаған жаныма, бұғанасы қатпаған балапаныма, Астананың қара суығында үйге сыймай кететін балаларымызға, карантин деп үйге тығылған уақытта ол сапар бізге пайдалы болды. Уақытша ғана тұрып келдік
", – деп түсіндірді әнші.

Қарақат отаны Қазақстан екенін айтып, сұрақтың орынсыз екенін мәлімдеді. 

"Әлемнің әдемі, ғаламның ғажайып жерлерін көруге, білуге біз ашықпыз. Отбасымызбен. Ал тұрақты жеріміз – осы. Өз еліміз. Басқа мекен болуы мүмкін емес", –  дейді Әбілдина.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.