Балжан Бидаш: «Қанша мықты болсам да шаршадым»

2 562

Белгілі әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желіде жылап жатқан сәтін жариялап, басынан қиын кезеңді өткеріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Балжан Бидаштың Instagram-дағы парақшасында бөліскен видеосында қаншалықты мықты болса да, өзін сүйреп шаршағанын айтты.


«Мен осы уақытқа дейін сіздерге ашылып, қиналған эмоциямды көрсеткен емеспін. Қанша мықты болсам да, өзімді сүйреп шаршадым. Сенің тағдырыңда болып жатқан жағымсыз құбылыстарға біреудің кінәсі жоқ. Ол өзіңнің таңдауың. Бәрі жаратқан иеміздің жоспары», - деп жазды әнші. Сондай-ақ, өнер иесі өзі үшін алаңдап, қолдау білдіріп жатқан көпшілікке алғысын айтты.


Сондай-ақ, ол қолдау білдіріп жатқандарға алғысын білдірді.


«Хаттарыңызды оқыдым. Уайымдамаңыздар, өздеріңіз айтпақшы уақыт бәріне емші. Қолдауларыңызға рахмет. Бәрі жақсы болады деп үміттенемін», - деп жазды ол.


Балжан Бидаш қазіргі уақытта Біріккен Араб Әмірліктеріне демалысқа ұшып кеткен.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.