«Бүкіл әйел Әйгерім сияқты болса»: Нұрлан Әлімжан Қалаубаева туралы ойын айтты

2 514

Фото: ©видеодан скринБелгілі актер Нұрлан Әлімжанов әнші Әйгерім Қалаубаеваны айға теңеп, қатты сағынатынын айтып, сезімін жеткізді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Sn.kz сайтына сілтеме жасап.
Екі әнші бір-біріне деген көзқарастары мен арасындағы үйлесімнің сыры неде екенін ашық айтты.

«Сен боянбашы деймін. Боянбасаң да, сен – айсың… Алты сағат қатты сағындым. «Айкош, қалай маған жетіспей тұр» деп ше»,- деді актер.

Әйгерім Қалаубаева Нұрлан Әлімжановқа мұның себептерін ашып көрсетіп берген.

«Өйткені мен саған бағынамын. Тыңдаймын. Сенің не сөйлеп тұрғаныңды аңдып тұрамын. Сенен алға шығып кетпеуге тырысамын. Сенен көп сөйлеп қоймауға тырысамын», – деп жауап берді Әйгерім Қалаубаева.

Нұржан Әлімжанов әріптесінің бұл сөзіне разы болып, өзге әйелдерге кеңес берген.

«Бүкіл әйел Әйгерім сияқты әрекет ететін болса, бәрі бақытты болып кетуші еді. Қазақстанда ажырасу атымен болмас еді», – деді ол.

«Сондықтан біз ажыраспаймыз», – деп күлді Әйгерім Қалаубаева.

Әрине, Нұржан Әлімжанов бұл жайт жүргізушілікке қатысты екенін меңзеді. Десе де, өмірде де әйелдер осылай әрекет етсе, жұбайлардың өміріне үйлесімділік келерін тұспалдап жеткізді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.