Алтынай Жорабаева екінші күйеуімен де ажырасып кеткен бе?

474

Фото:https://www.instagram.com/altynaizhorabayeva/Әнші Алтынай Жорабаеваның жеке өмірі жұрт назарынан тыс қалған емес. Бірнеше жыл бұрын актер Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасып кеткен оның қазіргі жолдасымен арадағы қарым-қатынасы да мәз емес секілді. Өйткені әнші екінші күйеуімен түскен барлық естелік суреттерін Instagram-нан алып тастаған, деп хабарлайды Opennews.kz   ақпарат агенттігі Экспресс К ға сілтеме жасап

Алтынайдың әлеуметтік желідегі жеке парақшасына зер салсақ, ол қазіргі жолдасы Әлішермен түскен бүкіл суреттері мен видеоларын өшірген және күйеуін Instagram-дағы достарының тізімінен алып тастаған. Сондай-ақ Айнұр Тұрсынбаеваның ұлының Стамбұлда өткен үйлену тойына Жорабаеваның жалғыз өзі барғанын жұрт жақсы біледі. Бірақ әзірге әнші жеке өміріндегі өзгерістерге қатысты ешқандай жазба жариялаған жоқ. 

Айтпақшы, Айнұр Тұрсынбаева Түркиядағы тойда ұлы мен келінінің неке қию рәсімін өзінің құрбысы Жорабаеваға сеніп тапсырған еді. Алайда оқырмандар Алтынайдың екі рет тұрмыс құрғанын айтып, оның мұндай мәртебеге лайық еместігін жарыса жазып жатыр. 


"Мұндай маңызды сәтті Алтынайға бекер тапсырған", "Алтынай ажырасқан емес пе?", "Қазақ некесі бұзылған адамға келіннің қолтығын ұстатпайды, некесін қиғызбайды", "Ырымшыл қазақ емеспіз бе? Мына әншіге неке қиғызғаны қызық екен" - деп ашуланды желідегі жұрт.