Ләйлә Сұлтанқызы тұрмысқа шыққысы келмейтін қыздарға үндеу жасады

2 544

Фото: Instagram/sultankyzyОтандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы елімізде болып жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылықтар салдарынан бүгінде тұрмысқа шыққысы келмейтін қыздардың саны артқанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ләйлә Сұлтанқызы тұрмысқа шыққысы келмей қалған қыздар өз ортасында да бар екенін жасырмады. Тележүргізуші бұл жайтқа асқан алаңдаушылық танытып, Instagram желісінде жазба жариялады.


Боянып отырғанмын. Есік ашылып, «мен күйеуге шықпаймын» деген сөздермен бір қызым (командамыздың мүшесі) кіріп келді.

Мені бояп тұрған визажист те «мен де қорқамын шығуға» деп қостай кетті. Соңғы кездері жастардан бұл пікірді жиі естимін🤔Себебін сұрасам:

- Эмоцияның адамы бірінші істеп алып, кейін ойланады. Сондайда ұрып жіберсе ше?

- Сөзге келіп қалудан қорқамын…

- Изменять етсе ше?

- Менің сөзіммен санаспай, өзінікін жасай берсе?

- Ата-енем қатал болса…?

- Баламен ешқайда шығармай, үйде отырғызып қойса?

Деп жалғастыра берді. Аргументтері жетеді енді🤦🏽‍♀️

Енді мені, «неге тұрмыс құруды бақытсыздықпен тең көретіндер көбейіп кетті?» деген ой мазалауда🤔

Бес саусақ бірдей емес. Күйеудің бәрі Бишімбаев сияқты деген сөз де емес.

Білесіз бе, отбасы деген нағыз бақыт, бағалай білген адамға. Ішінде екі адамның бір-біріне деген қамқорлығы, мейірім, төзім, жақсы көру, сыйластық, бірігу, талпыну, армандау, мақсатқа жету сияқты қанша эмоция, іс-әрекет жатыр…

Қыздардың бұл ойы мені қатты алаңдатады. Мені 72,5% қыз-келіншектер оқиды. Арасында 16-20 жасар қыздар да бар. Айтыңыздаршы, қазір тұрмыс құрудан неге қашады көп қыз?- деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

: