"Жалғыздық Аллаға ғана тән"

729

Отандық әнші Мөлдір Әуелбекова тағы да тұрмыс құруы мүмкін екенін жасырмай айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Екінші күйеуімен ажырасқан соң, әнші ерлер қауымына деген сенімінің төмендегенін айтқан еді. "Енді жүрегім тас әрі қола" деген Мөлдір оны жібітетін адамның барына күмән келтірді. Алайда уақыт өте келе ол ойынан айныған ұқсайды. 

Үшінші рет тұрмыс құру туралы сауалға әнші: 

"Жалғыздық Аллаға ғана тән", -  деп жауап берді. 

Бұдан бөлек, өнер иесі шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті. Ол қарамағындағы "Назар" тобын сататынын хабарлады.


"Назар тобы" жобасын сатамын. Алуға ниет болса, хабарласыңыздар. Себебі жобамен айналысуға қолым тимейді", - деді Әуелбекова.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.